KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
492.14 528.85 5.01

Жыл басынан бері балаларға ашық жүрекке 1708 операция жасалды

pixabay.com

13.10.2024, 21:00 76 Назерке Каримова

Туа біткен жүрек ақауы бар балаларға 1708 ашық жүрекке ота жасалды, оның 48%-ы 1 жасқа дейінгі балалар.

Біздің еліміз Орталық Азияда туғаннан бастап кардиохирургиялық операциялар жүргізілетін жалғыз мемлекет болып табылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Аса ауыр жағдайларда балалардың өмірін сақтап қалу үшін Қазақстанда телемедициналық технологиялар мен медициналық авиация іске асырылды.

- Санавиация 459 рет, оның 292-сі жаңа туған нәрестелерді тасымалдады. 1 357 балаға медициналық көмек көрсетілді. 498 бала, оның ішінде 291 бала Астана және Алматы қалаларына тасымалданды, - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив