Халықаралық бағыттар бойынша әуе рейстерінің саны артпақ
t.me/kolikpress
Күз-қыс маусымында жаңа халықаралық әуе маршруттары ашылып, қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер ұлғаяды.
ҚР Көлік Министрлігі жаңа халықаралық маршруттарды ашу және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- 26 қазанынан бастап аптасына 3 рейс жиілігімен Астана – Пхукет (Таиланд) бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашты
- Атырау – Дубай (БАӘ) бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен әуе қатынасын ашты
- 28 қазаннан бастап Алматы – Фукуок (Вьетнам) аптасына 2 рейс жиілігімен және желтоқсаннан бастап аптасына 5 рейске дейін ұлғайтумен іске қосылды
- 29 қазаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Медина (Сауд Арабиясы) бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосты
- 30 қазаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Астана – Әбу-Даби (БАӘ) әуе қатынасын іске қосты
- 12 желтоқсаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Әбу-Даби (БАӘ) бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосады
"Air Astana " әуекомпаниясы Дубайға Алматы қаласынан (аптасына 7-ден 11-ге дейін) және Астана қаласынан (7-ден 9-ға дейін), Астана-Сеул бағыты бойынша (2-ден 3-ке дейін) рейстер санын көбейтуде.
Жаңа авиамаршруттардың ашылуы, сондай-ақ қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санының артуы жолаушыларға қысқы кезеңде, сондай-ақ жаңа жылдық каникул кезінде демалысты жоспарлау үшін көбірек мүмкіндіктер береді.