KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, З
504.6 594.27 6.48

ҚР Президенті Сербия Президентіне көңіл айтты

t.me/aqorda_resmi

3.11.2024, 11:00 460 Назерке Каримова

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айтты.

– Осындай ауыр сәтте достас Сербия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын. Оқыс оқиғада бақилық болғандардың туыстарына сабыр, ал зардап шеккен жандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу