KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Еуропадан келген алманы шекарадан заңсыз өткізбей қойған

pixabay

10.11.2024, 14:00 97 Назерке Каримова

Бас көлік прокуратурасы Еуропадан әкелінген балғын алмаларды бірнеше күн бойы кедендік рәсімдей алмаған қазақстандық кәсіпкерлердің құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлер Ауыл шаруашылығы министрлігі енгізген шектеулерге байланысты уақытша сақтау қоймаларында жемістердің тонналап бос -жатқанына шағымданды.

- Прокуратураның талдауымен министрліктің 31 желтоқсанға дейін алма әкелуге тыйым салатын 2024 жылғы 5 қазандағы бұйрығы тек 8 қазанда күшіне енгені анықталды, - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы. - Ал алма тиелген 8 жүк көлігі аталған күнге дейін ЕАЭО аумағына келген.


Яғни, кәсіпкерлердің бұл тауарларына шектеу шаралары қолданылмайды.

Көлік прокуратурасы Мемлекеттік кірістер комитетіне қадағалау актісін енгізді.

Нәтижесінде, кәсіпкерлер уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін өз өнімдерін декларациялап, шығынның алдын алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу