KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Самарда көлік жүргізуге болмайтын азаматтардың жүргізуші куәлігін алғаны анықталды – ШҚО

Фото: egemen.kz

17.10.2023, 10:02 175

ШҚО Самар ауданының прокуратурасы талдау барысында көлік жүргізуге тыйым салынған адамдарға жүргізуші куәлігі берілгенін анықтады.

Ол адамдарға медициналық қарсы көрсетілімі болғандықтан көлік жүргізуге тыйым салынған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Атап айтқанда, дәрігерлік-консультациялық комиссияның биылғы 15 маусымдағы қорытындысына сәйкес, жүргізуші куәлігі бар Ж. Есімді азаматтың автокөлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімі болған. Осындай 5 азаматқа қатысты факт анықталды, – деп жазылған ШҚО прокуратурасының хабарламасында.

Прокуратураның дерегіне сүйенсек, полиция қызметкерлері «Жол қозғалысы туралы» Заңның 3-бабы 3-тармағын ескере отырып, прокуратураның қадағалау актісі бойынша сотқа жоғарыда аталған адамдардың көлік құралын басқару құқығын тоқтату туралы талап-арыз түсірді.

Сот аталған мәселені қарап, азаматтардың көлік құралын басқару құқығын тоқтатқан.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу