ШҚО-да 90 тонна пішен өртеніп кетті
Шығыс Қазақстан облысында 90 тонна шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл оқиға Катонқарағай ауданының Солдатово ауылында болды.
«Ауыл шетіне жиналған тоқсан тонна пішен өртенді. Шөпті жинаған тракторда ұшқын сөндіргіш болмаған. Өрт соның кесірінен шыққан, – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.