Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға айыппұл мөлшері 9,5 млн теңге болмақ
Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға салынатын айыппұл мөлшерін 3 мың АЕК-ке дейін ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты.
- Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» туралы 372-бабында көзделген жауапкершілікті қатаңдатуды, соның ішінде ең жоғары айыппұлды 2 000-нан 3 000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімін 600-ден 900 сағатқа дейін ұлғайту бойынша түзетулерді мүдделі мемлекеттік органдар пысықтап жатыр, - делінген Әлихан Смайыловтың жауабында.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 1 сәуірінен еліміздегі 1 АЕК - 3 180 теңге. Демек, ендігі уақытта мемлекеттік рәміздерді қорлағандар 9 540 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады.