Өскеменде ертең "жарылыс" болады
Ертең облыс орталығында жарылыс жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«24-ші тұрғын аудандағы құрылыс жұмыстарына байланысты 5 тамыз күні сағат 14.00 мен 17.00 аралығында жарылыс жұмыстары жүргізіледі», - деп хабарлады қала әкімдігі.
Естеріңізге сала кетейік, 24-ші аудан 19-шы шағын аудан мен Алматы трассасын жалғайтын жаңа жол бойына салынып жатыр. Мұнда 223 көппәтерлі тұрғын үй, мектептер мен балабақшалар бой көтереді деп күтіледі. Дәл қазір коммуналдық инфрақұрылым салынып жатыр.