KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

ШҚО – парақорлық бойынша «үздік» үштікте тұр

27.10.2020, 12:01 169

Ranking сарапшылары еліміздің қай өңірінде пара алу фактілері жоғары екенін анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Парақорлық бойынша құқық бұзушылық жағынан Батыс Қазақстан облысы көш бастап тұр. Биылғы жылдың бел ортасында бұл өңірде 100 жағдай тіркеліп отыр. Былтырғы көрсеткіші – 50 оқиға. Сарапшылар зерттеуіне сүйенсек, «үздік» үштікті Алматы мен Шығыс Қазақстан облысы түйіндеп тұр. Бұл өңірлерде 75 пара алу оқиғасы анықталған.
Статистикалық мәлімет бойынша биылғы жылдың қаңтар-шілде айларында елімізде парақорлыққа қатысты 877 құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 3,2% -ға артық. Тіпті биылғы шілде айында пара алушылар іске шындап кіріскен көрінеді. Өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда өсім 69,7% -ға артқаны белгілі болды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив