Семейде жол апатынан бір адам қайтыс болды
Семейде екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, жол апаты 19 қазан түнінде болған.
– «Mazda» маркалы автокөлікті мас бола тұра тізгіндеген 34 жастағы жүргізуші Селевин көшесінен шығып Бозтаев көшесіне қарай бет алып келе жатқан. Көлік рульіне ие бола алмаған азамат бағдаршамда тұрған Lexus RX-330 автокөлігін келіп қаққан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Mazda»-да отырған 31 жастағы жолаушы көз жұмды, – деп мәлімдеді ШҚО ПД.
Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.