Бесқарағайдағы автостанцияны жөндеуде қандай жұмыстар атқарылды?
Бесқарағай ауылында автостанция мәселесі биыл шешімін тауып отыр. Автостанцияның қазіргі ғимараты Банктің кепілінде болғандықтан, оны сатып алу процесін қиындатқан екен. Ұзақ келіссөздерден кейін автостанция ғимараты аукционға шығарылып, жеке кәсіпкер сатып алған еді. Қазір онда жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен аталған автостанция жеке кәсіпкерден аудандық коммуналдық меншікке бастапқы құны бойынша сатып алынды. Ғимаратты жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйегінде басталды.
Қазіргі уақытта ғимаратқа электр тартылып, терезелер мен есіктерді ауыстыру жұмыстары, жылытуды қосу бойынша дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде.
Барлық жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталып, автостанция пайдалануға беріледі деп жоспарланған.