KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

Екі пәтерлі 19 үй салынады - Жарма ауданы

28.09.2020, 10:37 171

Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған екі пәтерлі 19 үй бой көтереді деп жоспарлануда.

Қазірде Шар қаласында бес жеке үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Шар қаласында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 10 пәтерді сатып алуға аудандық бюджеттен 25 миллион теңге бөлінгенін айту керек.

Тағы бір атап өтер жайт, биыл аудандағы жеке құрылыс салушылар үш мың 805 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берген. Бұл былтырғы көрсеткіштің шамамен 97 пайызына тең (2019 жылы – 3 мың 930 шаршы метр).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу