Алтайда көп балалы отбасыларға арналып 14 үй салынып жатыр
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арнаулы он шақты үй салынып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алтай қаласының оныншы шағын ауданында 14 жер үй салу туралы меморандум жасалды. Құрылыс жұмыстарын жекеменшік фирма жүргізеді.
Алтай ауданының басшылығы алдағы жылы дәл осындай тағы 20 үй салуды жоспарлап отыр.
– Салынған үйлер бюджет қаражаты есебінен сатып алынады және кезек бойынша көп балалы отбасыларға беріледі. Тұрғын үйлер сумен жабдықталады. Кәріз желілерін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Көшелер жарықтандырылуда. Барлық жұмыс менің жеке бақылауымда, – деді аудан әкімі Қалихан Байғонысов.
Айта кетейік, Алтай ауданында 475 көп балалы және 89 аз қамтылған отбасы тұрады.