KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

Өскеменде әскери борышын өтеген 500-ге жуық сарбазға құрмет көрсетіп, шығарып салды

18.10.2020, 08:07 245

Кеше Өскемен гарнизоны әскери бөлімінің саптық алаңында  Отан алдындағы борыштарын өтеген 466 сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салды, деп хабарлайды Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі.

Ол сарбаздар - Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген былтырғы жылдың 2- шақырылымындағы сарбаздар.

Салтанатты шараны ұйымдастырып, өткізуде бөлімнің жыл көлеміндегі атқарылған жұмыстары мен әскери қызметтегі сарбаздар жетістіктеріне тоқталып өткен бөлім командирі подполковник Аслан Кітапбаев мырза басшылық етті.

«Осынау, абыройлы Отан қорғау жолында қызмет етіп келе жатқан офицерлер мен сержанттардың еңбек жемісі-қызметтеріндегі көрсеткіш нәтижесі Сіздердің арқаларыңызда, Сіздер қысқа мерзімде әскери саланың көптеген қыр-сырларын, техникалар мен қару-жарақтарды қолдануды меңгеріп шыққандарыңызға сенімдімін» - дей келе, батальон командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары әзірлеген әрбір сарбаздың ата-анасына алғыс хат, грамоталар мен марапат сыйлық ретінде жыл көлеміндегі іс-шаралар мен оқу жаттығулардан әзірленген фотоальбомдар мен бейнетаспа жазылған дискілерді табыстады.

Сонымен қатар іс-шараға шақырылған қонақ Қазақстан Республикасы Қарулы күштері ардагерлер кеңесінің мүшесі запастағы подполковник Юрий Романович Залежный сарбаздар қуанышына ортақтаса келе алғыс-тілегін білдірді.

«Полковник мырза! Офицер мырзалар мен сержанттар! 2019 жылдың 2 шақырылымындағы сарбаздар атынан сіздерге шексіз алғыс білдіре отырып, осы подполковник Аслан Кітапбаев мырзаның басқаруындағы Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы әскери бөлімінде борышымызды өткергенімізді мақтан тұтамыз! Сіздер біздерді Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанды қорғаудағы барлық қажетті нәрселерге білім мен машыққа, күн демей-түн демей үйреттіңіздер, талап еттіңіздер, Отанды шексіз сүюге тәрбиеледіңіздер! Біздер сіздерді әрқашанда аузымыздан тастамай, біздің командиріміз деп мақтанышпен айтып жүретінімізді жеткізгім келеді! Назарларыңызға рахмет!» - дейді Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген 2019 жылдың 2 шақырылымындағы сарбаздар атынан сөйлеген қатардағы Ғасырбек Тәжіғұл.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив