KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
485.11 523.82 5.02

Шығыстағы сарбаздар үйіне қайтты

15.10.2019, 03:37 126

«Шығыс» өңірлік қолбасшылы 27943 әскери бөлімінде Отан алдындағы борыштарын өтеген 403 сарбазды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Салтанатты шараны ұйымдастырып, өткізуде бөлімнің жыл көлеміндегі атқарылған жұмыстары мен әскери қызметтегі сарбаздар жетістіктеріне тоқталып өткен бөлім командирі подполковник Бегімбет Тәжібаев мырза басшылық етті.

«Осынау, абыройлы Отан қорғау жолында қызмет етіп келе жатқан офицерлер мен сержанттардың еңбек жемісі-қызметтеріндегі көрсеткіш нәтижесі Сіздердің арқаларыңызда! Сіздер қысқа мерзімде әскери саланың көптеген қыр-сырларын, техникалар мен қару-жарақтарды қолдануды меңгеріп шыққандарыңызға сенімдімін» - дей келе, батальон командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары әзірлеген әрбір сарбаздың ата-анасына алғыс хат, грамоталар мен марапат сыйлық ретінде жыл көлеміндегі іс-шаралар мен оқу жаттығулардан әзірленген фотоальбомдар мен бейнетаспа жазылған дискілерді табыстады.

Сонымен қатар іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар "Қазақстандық салалық мəдениет, спорт, туризм жəне ақпарат қызметкерлерінің кəсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің облыстағы филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбекұлы, "Қарулы күштер ардагерлері" республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы, ҚР Құрметті ардагері Төкен Біләлов пен Тыл ардагері, запастағы подполковник Виктор Севостянович Лях ақсақалдар сарбаздар қуанышына ортақтаса келе алғыс-тілектерін білдірді.

«Полковник Мырза! Офицер мырзалар мен сержанттар! 2018 жылдың 2 шақырылымындағы сарбаздар атынан сіздерге шексіз алғыс білдіре отырып, осы подполковник Бегімбет Тәжібаев мырзаның басқаруындағы 27943 әскери бөлімінде борышымызды өткергенімізді мақтан тұтамыз! Сіздер біздерді Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанды қорғаудағы барлық қажетті нәрселерге білім мен машыққа, күн демей-түн демей үйреттіңіздер, талап еттіңіздер, Отанды шексіз сүюге тәрбиеледіңіздер! Біздер сіздерді әрқашанда аузымыздан тастамай, біздің командиріміз деп мақтанышпен айтып жүретінімізді жеткізгім келеді!» - белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген 2018 жылдың 2 шақырылымындағы сарбаздар атынан сөйлеген қатардағы сарбаз Олжас Шәймерденов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив