KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Семейде мұқтаж отбасыларға көмір түсіріп беріп жатыр

14.10.2020, 06:48 231

Семейде «Жылу сыйла» акциясының аясында пандемия салдарынан тұрақты табысынан айырылған отбасыларға көмір мен жанба отын түсіріліп берілді.

Іс-шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Зекет» қоры ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, елдегі төтенше жағдай кезінде жұмысы тоқтаған азаматтардан көптеген өтініш келіп түскен. Олар қыстық отын қажет екенін айтқан.

– «Жылу сыйла» акциясын жылда ұйымдастырамыз. Алайда пандемияға байланысты көмір мен отын қажеттілігі жайлы өтініш биыл көбірек түсті. Сол себепті аз қамтылған үйлерге көмек қолын созуды ойластырдық. Аз да болса жәрдемдескісі келетін жандар болса, акцияға атсалысуға шақырамыз, – деді «Зекет» қорының мүшесі, орталық мешіттің наиб имамы Біржан Аманжолов.

Оның айтуынша, акция басталғалы 10 тонна көмір жиналды. Ол әр отбасына екі немесе үш тоннандан таратылды.

– Мүмкіндік болса, 100 үйге бес тоннадан көмір және жанба отын түсіріп берсек деген ойымыз бар. Қайырымды жандар қалыс қалмайды деп сенеміз. Акция әлі жалғаса береді, – деді Біржан Аманжолов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу