KZ
Өскемен
+29°
ясно жел 3 м/с, З
467.29 501.03 5.35

«Сотқа берсек, ренжисіз...». Өскемен әкімі жауапсыз мердігерді сынға алды

12.10.2020, 13:18 31

Өскемен қаласының әкімі демалыс күндері Әл-Фараби даңғылындағы жаңа тұрғын үйлерге барып, мердігерлерді сотқа беретінін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әл-Фарабидегі тұрғын үйлердің дайындық деңгейі төмен, аулаларды абаттандыру жұмыстары өте баяу жүріп жатыр. Қала әкімінің наразылығын тудырған осы мәселе. Жақсылық Омардың пікірінше, бір подъезге бес жұмысшыдан қойғанша, барлық күшті бір жерге шоғырландыру керек. Бір кіреберісті толық аяқтап, содан кейін ғана келесіге көшу ұтымды болар еді.

Қазіргі уақытта үй маңындағы жолдарға асфальт төселмеген, тек бордюрлер ғана орнатылған. Мердігер асфальт төсеуге 12 қазаннан бастап кірісетінін айтты.

– Сіздер дайын емессіздер! Әйтеуір құрылысшылар үнемі үлгермей жатады. Құрылыс жұмыстарын әлдеқашан аяқтап, ендігі емін-еркін сатылыммен айналысуға болар еді. Енді істі аяқтауға ауа-райы қолай бермейді. Алдымен жаңбыр, артынша қар басады. Содан кейін «біз жұмысты бітіруге күш салдық, бірақ ауа-райы мүмкіндік бермеді» дейсіздер. Ал іс сотқа жетсе, айыппұл салынса, ренжисіздер. Егер құрылысшылар қарқынды жұмыс жасауға қауқарсыз болса, бұл жерде жүрмеуі тиіс, – деп кесіп айтты шаһар басшысы Жақсылық Омар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив