KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

"Қала әкімінің жұмысы нашар" Даниал Ахметов Өскемендегі құрылысты сынға алды

30.09.2019, 11:22 129

Өскемендегі жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлердің жұмысы мерзімінен кешіктіріліп жатыр. Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскеменді аралау барысында қала әкімі мен мердігер компанияның жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Айтыңыздаршы, мынау үйлердің 1 қаңтарға дейін дайын болатынына сенесіздер ме?.. Бұл үйлер желтоқсан айында аяқталып, жаңа жылда пайдалануға берілуі керек. Дегенмен жұмыс баяу жүріп жатыр. Шілдеде де, тамызда да осы жерге келіп, жұмыстың нашарлығын айтқанмын. Міне, қазан басталып келеді... Жақсарғанын көріп отырғам жоқ. Мен бұл жерде жұмысты жеделдету үшін қандай да бір қадам жасамаған мердігердің,қала әкімінің жұмысы нашар екенін атап өткім келеді. Бір айдан кейін осы нысанды қайта келіп қараймын, егер әкімшілік пен мердігер жұмысты алға бастырмаса, онда басқа шешім болады, – деді Даниал Ахметов.

19-ықшамауданның екі аумағында көпқабатты үйлер шоқтанып салынып жатқаны мәлім. Бірінші аумақта сегіз тұрғын үй, екіншісінде 3 тұрғын үй бар. Мұның барлығының жұмысын мойынға алған мердігерлік компания – «Еуразия интеграциялық сауда компаниясы» ЖШС.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив