KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 3 м/с, С
521.81 543.67 5.05

Семейдегі перинатальдық кешеннің құрылысы қашан аяқталады?

11.10.2020, 08:32 114

Семей қаласындағы перинатальдық кешеннің екінші және үшінші корпустары 15 қазанда салынып бітеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Нысанның құрылысы негізі мамыр айында басталған. Қыркүйекте жұмыстың 20 пайызы ғана орындалды. Дегенмен мердігерлер әкімдік тарапынан жасалған ескертуден кейін жұмыс қарқынын қосқан көрінеді.

Қазіргі уақытта жұмыс жақсы жүріп жатыр. Әрбір корпуста 150 жұмысшы еңбектенуде. Ғимараттың сырты жөнделді, қазір ішін сырлау-әрлеу жұмыстары басталды. Бас мердігер 15 қарашада перинатальдық кешеннің екінші және үшінші корпустары салынып бітеді деп сөз берді. Көп ұзамай болашақ аналар және медициналық қызметкерлер жаңа кешенге аяқ басады, – деп жазды аймақ басшысы Даниал Ахметов Instagram-дағы парақшасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу