KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Алтай ауданында мыңнан астам отбасы үй кезегінде тұр

6.10.2020, 14:02 242

Алтай ауданында халықты тұрғын үймен қамту мәселесі біртіндеп жолға қойылып келеді. Бірінші кезекте көпбалалы отбасыларға баспана беру көзделіп отыр. Бұл туралы аудан әкімі Қалихан Байғонысовтың қатысумен өткен баспасөз мәслихатында толығырақ айтылды.

– Алтай ауданында 1166 адам үй кезегінде тұр. Соның ішінде 945-і аз қамтылған, көпбалалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі жандар. Қазіргі уақытта бұл санды қысқарту мақсатында Алтай қаласында жаңа 60 пәтерлі үйдің құрылысы басталып кетті, – деді аудан әкімі Қалихан Байғонысов.
Әкімнің айтуынша, кезекте тұрған көпбалалы отбасылардың нақты саны – 27.

– Көпбалалы отбасылардың 14-іне жеке тұрғын үй, яғни жерүй беріледі. Жоспар бойынша кілтті желтоқсанда табыстаймыз. Сонымен қатар, келесі жылы саламыз деп жоспарлап отырған 12 жерүйге де орын дайындап жатырмыз, – деді Қалихан Байғонысов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу