KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Айырбастау пункттерінде алтын құймалар сатылатын болды

28.11.2018, 06:25 304

2018 жылдың 30 қарашасынан бастап ақша айырбастау пункттерінде алтын құймалар сатыла бастайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ұлттық Банк еліміздегі ақша айырбастау пункттерінде алтын құйма сату құқығын бекітетін қаулы шығарып отыр.


Бұған дейін алтын құймалар Қазақстанның екінші деңгейлі банктері арқылы сатылатын. Енді 30 қарашадан бастап ақша айырбастау пункттерінде алтын сатуға рұқсат етілді.


Мұндай тазартылған алтынның шағын құймалары туралы толық ақпарат Ұлттық Банктің сайтында берілген:


«Алтын құймалар төрт түр бойынша ұсынылған: 10, 20, 50 және 100 грамм. Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен жабдықталған (құймалардың жылтыр беті, микромәтін және бедерлі қыры) және құймаларды механикалық бүлінуден қорғайтын және ораудың ашылу-ашылмауын тексеруге мүмкіндік беретін арнайы орауда шығарылады.


Құймалардың бет жағындағы бейнелер:


Жоғарғы бөлігінде - бұғының сұлбасы, «Қазақстан», «Казахстан» деген жазбалар. Құйманың ортасында «АЛТЫН» жəне «ЗОЛОТО» жазбалары орналасқан, жоғарғы бөлігінде салмағы жəне төменгі бөлігінде металдың тазалығын білдіретін 999,9 цифры бейнеленген. Төменгі бөлігінде - Қазақстан теңге сарайының логотипі жəне құйма нөмірі орналасқан.


Құймалардың сырт жағындағы бейнелер:


Жоғарғы бөлігінде - Ұлттық Банктің логотипі. Ортасында - қанатты барыстың стильдендірілген сұлбасы бейнеленген.


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қорғаныш орау құйманың сапа сертификаты болып табылады. Ұқыпты сақтау қажет. Орауды ашуға болмайды!»


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив