KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
515.97 537.8 5.25

ШҚО-да ауа райына байланысты ескерту жасалды

11.11.2024, 09:00 323 Төлеуғазы Жансая


Қазгидрометтің мәліметі бойынша, 11 қараша күні Өскеменде қарлы бұрқасын болады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыстан 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Тұрғындарға дауылды ескертуге назар аударып, ұзақ сапарлардан бас тартып, елді мекендерден алысқа шықпаған жөн. Шығуға тура келсе, көлікті қыс мезгіліне сай дайындау қажет: қысқы шиналарды орнату, көлікті күрекпен, жылы киімдермен, жанар-жағармай қорымен және сүйреткіш арқанмен жабдықтау ұсынылады. Ауа райы жайлы жаңартылған ақпаратты «Дармен» мобильді қосымшасынан білуге болады.

Жүргізушілерге жылдамдықты асыра ұлғайтпай, арақашықтықты сақтап жүру ұсынылады. Жаяу жүргіншілердің жарақат алу қаупін төмендету үшін сақтық шараларын ұстанған дұрыс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу