KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, С
515.97 537.8 5.25

Риддерліктердің жылу туралы әр өтініші назарда - ШҚО әкімі

Фото: Аяужан Утеулинова

11.11.2024, 11:50 409 Төлеуғазы Жансая

 

Облыстағы Риддер қаласының тұрғындарының бірі әлеуметтік желіде: “Бөлмедегі батареялардан жылу аз берілуде. Үйім салқын”, – деп жазған. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында аймақ басшысы Ермек Көшербаев сөз қозғап, қыс маусымы келгенде жылу мәселесіне қатысты әр өтініш қаперде болуы керек екендігін айтты.

– Міндетті түрде осы пікір иесінің үйіне барып, бөлмедегі және батареядағы температураны тексеруді тапсырамын. Егер мәселе жылу беру қазандығында болса, онда тиісті шараларды қолға алуды міндеттеймін, – деді Ермек Көшербаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу