KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
494.95 525.49 5.05

Қуандық Бишімбаевтың қашып кеткені туралы жалған ақпаратқа қылмыстық іс қозғалды

pexels.com

11.11.2024, 10:00 67 Төлеуғазы Жансая

Әлеуметтік желілерде бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың колониядан қашып кеткені жайлы жалған мәліметтер таралғаны анықталды. Бұл хабарларға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі ресми түсініктеме беріп, жалған ақпарат таратқандардың жауапқа тартылатынын мәлімдеді. ҚАЖК азаматтарға тек ресми дереккөздерге сенуге шақырып, жалған мәлімет таратудың заңсыз екендігін еске салды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу