KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Өскеменде әлеуметтік көмір таусылып қалды

20.11.2018, 05:51 175

Облыс орталығында әлеуметтік көмірден үміт үзбей, күтіп отырған 600-ден астам отбасы бар. Ал көмір болса қарашаның басында-ақ таусылып қалған.


- Үш жақты меморандум аясында биыл Өскемен қаласында әлеуметтік бағамен 35 мың тонна көмір сатылуы тиіс болатын. Защита мен Сол жағалаудағы қоймаларға 17,5 тоннадан бөлініп берілген. Бүгінгі күнге тек бес отбасыға жететін 30 тонна көмір қалды,-дейді Өскемен қаласындағы Ауған соғысы ардагерлері ұйымы төрағасының орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаты Олег Фролов.


Олег Фроловтың айтуынша, осы күнге дейін облыс орталығының бес мыңға жуық (4982) отбасына алты тоннадан 29894 мың тонна көмір жеткізілді. Биыл тізімге Ушанов, Опытное поле, Прапорщиков пен Степное ауылдарының тұрғындары да енгізіліп, 851 мекен-жайға тағы 5100 тоннадан астам көмір берілген.


Осымен мұның алдындағы жылдары ақпан айына дейін жететін әлеуметтік көмір қараша бітпей таусылып қалды. Оны алып үлгермегендер саны ардагерлер ұйымының мәліметіне сүйенсек, 650-ден асып жығылады.


Тізімдегілердің барлығына жылда жетіп жүрген көмір биыл неге жетпей қалды? Ауған соғысы ардегерлер ұйымы төрағасының орынбасары Олег Фролов мұны өңірде жеке сектор тұрғындарының көбейгендігімен түсіндірсе, «ВЭУС» ЖШС басшысы Иван Тимофеев болса, тізімде әлеуметтік көмір алу санатына жатпайтындар да бар дейді.


- Зейнеткердің де зейнеткері болады. Тізімді жасағанда бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған, жалғызілікті қарттарға көңіл бөлу керек. Бір мекенжайда екі зейнеткер болса, екеуі де әлеуметтік бағамен көмір сатып алудан үміткер. Демек мұнда жағдайларды болдырмау керек еді,-дейді ол.


Олег Фроловтың айтуынша, «Қаражыра» кәсіпорына қосымша 5 мың тонна көмір бөлу жөнінде өтініш жолданды. Әзірге жауап жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив