KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Қазақстанда 1 млн 102 мың адам несиесін төлей алмай отыр

1.11.2018, 04:55 256

Елімізде 1 млн 102 мың адам алған несиесін өтей алмай отыр. Несие алушылардың ісі қарыз өндіру үшін коллектор агенттіктерге жіберілген. 14 млн-ға жуық адамның несие алуына шектеу қойылған, деп хабарлайды Алтайньюс.кз тілшісі 24 кз телеарнасының сайтына сілтеме жасап.


Бүгінде елімізде 3,5 млн адамның банктерге қарызы бар. Оның 64 пайызы берешегін толық өтеуге қауқарсыз. Мамандар соңғы екі жылда тұтыну несиенің көлемі 48 пайызға артқанын айтады. Қазақстанда жыл басынан бері берілген кредиттердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 2 трлн теңгеге ұлғайды. Экономиканы несиелеудің жылдық өсімі 7% немесе 816 млрд теңгені құраған. Қайта құрылымдаудан өтіп жатқан және лицензиясынан айырылған банктердің кредиттік портфелін есептемегенде, осындай көрсеткіш шығып отыр. Ал кәсіпорындарға теңгемен берілетін кредиттер бойынша мөлшерлеме жыл басындағы 13,2%-дан 12,2%-ға дейін төмендеді.


Қазақстан банктерінде 2019 жылдың басында тәуекелге бағдарланған тәсіл енгізіледі. Ондағы мақсат – тәуекелі жоғары саясат ахуалына жол бермеу.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив