KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.5 534.22 5.18

ШҚО тұрғындары халықтан заңсыз алған ақшаны қайтартып жатыр

10.01.2019, 06:37 219


Осы күні ел ішінде жиі талқыланып жатқан тақырыптың бірі - банктердің заңсыз комиссиялары. Өйткені, екінші деңгейлі банктер кезінде несие алған елден заңсыз ұстаған комиссияларын өз еркімен қайтаруға асықпай, миллиардтаған ақшаны халыққа таратып беруге құлықсыздық танытып отыр. Дегенмен, заңды құқығын білген облыс тұрғындары қазіргі күні талап арызбен сотқа жүгініп, заңсыз ұсталған комиссияларды банктерден қайтарып алып жатыр. 2018 жылы тек облыс орталығындабанктің заңсыз комиссиясына байланысты бес мыңнан астам іс қаралған.

Өскеменде 5329 азаматтың арызы оң шешілді


Банктерді сотқа беріп жатқандардың ішінде банк заңсыз алған 2 млн теңгегедейінгі ақшаларын қайтарып алғандар бар. Айтып отырған заңсыз комиссиялар, бұл –қарыз, несие алушының сыйақы және несие бойынша белгіленген негізгі қарызынан бөлек төлемдер. Егер несие алған немесе несиесін жапқан тұлға банк берген төлемтөлеу кестесінен қарыз шотын ұйымдастыру, жүргізу комиссиясы немесе қарыз беру қызметін көрсету (Комиссияза ведение ссудного счета или обслуживание займа ) деген сөздерді тапса онда одан заңсызкомиссиялық ақша алынғаны.Екінші деңгейлі бірнеше банк несие бергенде 2016 жылға дейін осылайша ауадан ақша жасап, "қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия" алып келген.


Еліміздегі барлық банктердің қызметін реттеп, бақылайтын ҚР Ұлттық банкі 2012жылы екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға несие бергенде несие шоттарынашу және оны ұйымдастыру үшін осындай комиссиялар ұстауға тыйым салып, 2016 жылы бұл банктердің жеке тұлғалардан ұстаған комиссиялары заңсыз деген қаулы шығарды.


Өскемен қалалық сотында жыл басынан бері банктердің заңсыз комиссисынақатысты 5 329 азаматтық іс қаралып,азаматтардың пайдасына шешілген.Сотта мұндай істер Банктермен жеке тұлғалар арасында татуластырурәсімдерін қолданумен судья медиатордың көмегі арқылы, медиациялық бітім жасау арқылы да шешілуде.

-«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңының 1-бабы 11-тармақшасына сай,банктік шот – клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерінжүзеге асыратын ұйымдағы ақшасының қозғалысын, сондай-ақ, клиентке банк қызметін көрсету бойынша клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасындағы шарттық қатынастарды көрсету және есепке алу тәсілі. Аталған заң нормасына сай, банк несие шоттарын ашумен жүргізуі қарыз алушы емес Қазақстан Республикасы ҰлттықБанкі алдындағы міндеті, олар қарыз алушыға берілген қарыз бойынша қалдығынжәне ақша қозғалысын бухгалтерлік есепке алу үшін қажет және олар ешқандай да есептік операцияларға жатпайды. Несиелік шот банктік шот болып табылмайды. Мұндай шотты ашу және оны жүргізу банктің жекелеген қызметі деп санауға болмайды. Тиісінше, банкпен қарызға қызмет көрсеткені үшін ұсталатын ай сайынғы комиссиялық алым банктер және банк қызметі туралы заңнама нормаларына қайшы келеді. Сондықтан сот мұндай комиссияны шартта көрсетілмеген қосымша сыйақы деп санайды. Банк қарызға қызмет көрсету шарты бойынша банктік қарыз шартындағы несиеге қызмет көрсетуі қажет, яғни, ол қосымша сервистік қызметтер және т.б,-дейді банктер алып келген комиссиялық алымдардың заңсыздығы туралы Өскемен қалалық сотының судьясы Бақтыбек Сауран.


Комиссияны қайтару үшін қайда бару керек?


Несие алмаған жан кемде –кем. Заңсыз алынған комиссияны несие жабылып қойған соңқайтарыпалуға болады делініп жатса да, оны қайтара алмай жүргендер аз емес. Өскемендікзаңгер Назгүл Жолдогулова комиссияны несие жабылғаннан кейін де қайтарып алуға болатынын, бірақ ақшаны қайтарып алуға несие жабылғаннан кейін үш жыл ішінде әрекет ету қажет екенін айтады. Несие жабылған күннен бастап жеке тұлғаүш жылдың ішінде сотқа талап арызбен комиссияны қайтаруды сұрап, жүгінуі қажет. Себебі Азаматтық Кодекс баптарының талабына сәйкес, талап қою мерзімі үш жыл болып белгіленген.


Назгүл Жолдогулова, Өскемен қаласындағы заңгер:

-«Казкоммерцбанк» АҚ ( «Народный БанкКазахстана»), АО «Альянс Банк» АҚ (АО Forte Bank»), БТА, «Евразийский Банк»АҚ, «Альфа Банк» АҚ филиалдарының келісімшарттарында тұтынушылық несие, ипотека, автонесие түрлері бойынша банк қарызы және төлем кестесіне қарызды беруге қызмет көрсету комиссиясы немесе қарыз есеп шотын жүргізу комиссиясы заңсыз енгізіліп келген. Мен қатысқан істерден белгілі болғандай, банктер жеке тұлғаларға ай сайын 800 теңгеден 10 000 теңгеге дейін заңсыз комиссия төлетіп келген. Мысалы, Ж. Жарасова банктен сот арқылы 38 мың теңге, Р. Сайлаубаев - 1 миллион 200 мың теңге заңсыз төлеген комиссиясын қайтарып алды.


Заңгер Назгүл Жолдогулова қазіргі күні сотта несие алған 100 ден астам азаматтардың мүддесін қорғап жатыр. Бұл 2018 жылдың тек қараша-желтоқсан айларында келгендер ғана. Көпшілігі - Көкпекті, Ұлан, Күршім, Зырян, Глубокое Тарбағатай аудандарынан келген тұрғындар.


Несие алушылар заңсыз алынған комиссияны қайтару үшін Ұлттық банк филиалына арыздануға немесе банк басшылығының атына заңсыз төлемді ерікті түрде қайтарып беруге талап хатын жазуға болады. Нәтиже болмаған жағдайда азаматтар банк орналасқан жердегі сотқа заңсыз алынған ақшаны қайтартып беруді өтініп арыз жаза алады. Біздің тәжірибеміз көрсетіп отырған дайбарлық банк заңсыз төлемдерді қайтарудан бас тартуда, сондықтан тұрғындар сотқа жүгінеді.

Заңсыз алынған комиссияларды қайтару үшін банктен алған несие қарызы туралы шарт қажет. Егер азаматтар оны жоғалтып алса, банк филиалына, бөлімшесіне шарттың дубликатын беруге өтініш жазуы қажет. Егер азамат несиесін жауып тастаған болса, банктен қарызы жоқ туралы анықтама әкелуі қажет. Осындай жолмен қолданыстағы төлеп жатқан несиенің де заңсыз комиссиясын қайтарып алуға, қалған сомасын заңсыз деп тауып, қайта есептетіп алуға, ай сайынғы несие қайтарымы көлемін төмендетуге болады. Азаматтардың заңсыз комиссияны банктен қайтарып алуына несиені кешіктіріп қайтаруының қатысы жоқ.


Заңсыз комиссияны қайтарып алуға екі-үш ай уақыт кетеді. Сот үдерісі осыншама мерзімге созылуы мүмкін. Азаматтық процессуалдық кодекс бойынша сот банктен мемлекеттік төлем, сот ісіне өкіл тарту шығындарын өндіріп бергізеді ,сондықтан істі заңгерге, адвокатқа тапсырып қайтаруға да болады.


Облыста заңсыз комиссиялары бар несиелердің қанша екені айтылған нақты мәлімет жоқ. Комиссиялық төлемдер банктерден бұрын сот жүйесіне қосымша жүк болып отыр. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздегі бірінші инстанция соттары комиссияға қатысты 1,8 миллион іс қараған. Жоғарыдағы банктерден берілген несие көлеміне, санына қарай болжанып отырған ұзын саны бірнеше миллионға жетуі мүмкін шағымды қарауға ондаған жылдар уақыт кететіндей. Алайда, комиссияны жоқтап сотқа жүгінуге уақыты да,зауқы да жоқтар, оның қайтарылып беріліп жатқанын білмейтіндер көп.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив