KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Халықаралық "Шабыт" фестиваліне іріктеу басталды

8.10.2018, 10:13 158

Астанада өтетін халықаралық «Шабыт» фестиваліне іріктеу басталды. Бұл жылы бес аталым бойынша ұсыныстар қабылданады. Олар: «Классикалық музыка», «Ұлттық музыка», «Эстрадалық вокал», «Хореография» және «Журналистика».


Сондай-ақ байқауға 16-35 жас аралығындағы жастар қатыса алатындығын ескертейік.


Байқау Бейбітшілік және келісім сарайында 5-9 қараша күндері өтеді.


Айта кететін бір жәйт, биылғы фестивальге «Журналистика» номинациясы қосылып отыр. Ол соңғы рет осыдан 6 жыл бұрын болған еді. Аталмыш аталым биыл Астаның 20 жылдығына орай қосылып отыр. Байқауда «Журналистиканың» ішінде «Телевидение» және «Интернет ресурстары» номинациясы қарастырылған. Жарысқа журналистердің Астанаға қатысты интернет бетінде жарияланған материалдары мен деректі фильмдері, телебағдарламалары қабылданады.


Байқауға қатысты толық мәліметті Халықаралық «Шабыт» фестивалінің арнайы сайтынан таба аласыздар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив