KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, СШ
481.19 538.45 5.18

І халықаралық Kinotavrik.kz атты балалар фестивалі басталды

21.03.2012, 18:00 185


Алматыда І халықаралық Kinotavrik.kz атты өнер фестивалінің ашылу салтанаты өтті.
Kinotavrik.kz – бүкіл әлемнен дарынды балаларды біріктіретін фестиваль. Оған 5 пен 17 жас аралығындағы дарынды балалар, шығармашылық топтар, жетім балалар мен интернат-мектептерінің оқушылары қатыса алады. Алматының «Астана» алаңында қала тұрғындарының назарына қатысушы би ансамбльдері өнер көрсетіп, Отандық өнер жұздыздары ән айтты. Фестивальдің мақсаты – дарынды балалар, этникалық топтар, түрлі ұжымдардың халықаралық кездесу орнына айналу. Байқау 22-28 наурыз аралығында өтеді, жеңімпаздар жеті аталым бойынша таңдалады: вокал, хореография, сән, театр, «дебют» байқауы, жеке қойылымдар мен балалар фильмдері. Қазақстан – Кинотаврикті өткізіп отырған бесінші мемлекет. Фестиваль бұдан бұрын Ресей, Черногория, Германия және АҚШ-та өткен болатын. Қазақстандағы байқауға Ресей, Португалия, Канада, Грузия, Осетия елдерінен бес жүзден аса бала қатыспақшы. Қазылар алқасы құрамында Қазақстан мен Ресейдің өнер қайраткерлері болады. Фестиваль аясында Ресейдің «Ералаш» тележурналының шығармашылық жетекшісі Борис Грачевский қатысушыларға шеберлік сабақтарын өткізеді.

http://khabar.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив