KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей түсті

3.10.2018, 08:01 129

Елімізде eGov.kz порталы арқылы «Жүргізуші куәлігін алу» қызметі жеңілдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәлім етті.


Енді онлайн режимде жүргіузші куәлігін қайта шығаруға өтінім бергенде портал қолданушысы екінші деңгейлі банкте алдын ала төленген чектің мәліметтерін енгізе алады. Ол үшін порталда өтінімді рәсімдеу кезінде «алдын ала төленді» деп белгілеп, чек бойынша мәліметтерді енгізеді  (салық органы, банктің БСК-ы, төленген уақыты және төлемнің сомасы). Осыдан кейін табылған чекті таңдап, ЭСҚ арқылы қол қою керек.


Бұған дейін аталмыш қызметті онлайн режимде алу кезінде өтінім берген кезде төлем жасау керек болатын.


Жүргізуші куәлігін алу туралы сұраным 60 минут ішінде өңделіп, қызметтің нәтижесі туралы қолданушының жеке кабинетіне хат түрінде түседі екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив