KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
443.44 480.51 4.88

Артық төленген салық сомасы қайтарыла ма?

18.03.2012, 18:00 168


– Мен жеке кәсіпкермін. Өткен жылы бюджетке салықты қажетті мөлшерден асыра төлеп қойыппын. Білейін дегенім, сол артық төленген қаражатымды қайтарып алуыма бола ма? Ол үшін не істеуім қажет?

Кенжегүл Оңалсынқызы

Семей.

Бұл сұраққа облыстық салық департаменті бастығының орынбасары Ерлібек Зикеев жауап береді:
– Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер төлеген кезде салық төлеушілер төлемді міндеттемеден тыс мөлшерде төлеген жағдайлар кездеседі. Салық кодексінің 599-бабына сәйкес артық төленген сомаларды есепке жатқызу және қайтару салық төлеушінің салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді есепке жатқызу өтініші бойынша жасалады. Салық төлеушінің өтініші бойынша есепке жатқызу мерзімі салық органына ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнін құрайды. Сондай-ақ, Салық кодексінің 602-бабына сәйкес қайтарылатын қаражат салық төлеушінің банктік шотына салынуы мүмкін. Төлемдерді қайтару өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Сомаларды қайтару салық берешегі болмаған кезде және салық есептілігі толық ұсынылған жағдайда жүргізіледі.
Төлемдерді есепке жатқызу және қайтару бойынша мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Есепке жатқызуға және қайтаруға қажетті құжаттар таңдау бойынша ұсынылады:
● қағаз тасығыштарда;
● поштамен;
● «Салық төлеуші кабинеті» арқылы.
Есепке жатқызуға және қайтаруға өтініш төленген орны бойынша салық органына беріледі.
Салық төлеушілердің артық төленген сомаларды салық кезеңі аяқталғаннан бастап бес жыл мерзімде есепке жатқызуға және қайтаруға талап ету құқықтары бар.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив