KZ
Өскемен
плотный туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

ШҚО-ның бес мектебінде француз тілі оқытылады

26.09.2018, 05:48 167

Франция елшісі Филипп Мартинэні қабылдаған аймақ басшысы Даниал Ахметов француз тілінің облыс мектептерінде оқытыла бастайтыны туралы жағымды жаңалық жеткізді. Атап айтсақ, өңірдегі 5 мектепте француз тілі оқытылатын болады. Сондай-ақ, олардың саны жыл санап арта бермек.


– Біз қазір үштілділік бойынша бағдарламаны сәтті жүзеге асырып жатырмыз. Ағылшын тілі бізде Кембридж университеті әзірлеген бірегей әдістеме бойынша оқытылуда. Нәтиже де жоқ емес. Ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін көтеру бағытында да көп шаруа тындырылды. Енді француз тілін үйрететін оңтайлы әдістеме қажет. Менің ойымша, балаларды алдымен ауызекі сөйлеуге, диалогқа баулу жөн болар. Сондай-ақ, француз тілі факультатив түрінде емес, толыққанды пән ретінде оқытылуы тиіс, – деп өз ойын білдірді аймақ басшысы.

Кездесуде Францияның тіл мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға көмектесіп, әдістеме жағынын қолдау білдіретіні белгілі болды.


– Менің ана тіліме көрсетіп отырған қолдауларыңыз үшін айырықша алғыс айтамын. Жалпы, бұл – әлемдегі кең таралған тілдердің бірі. Өскемендегі валеологиялық мектепте 10 жылдан бері француз тілі үйретіліп келеді екен. Бір аңғарғаным, қазақ балалары французшаны тез меңгереді екен, әрі еш акцентсіз сөйлейді. Енді мектептерде кеңінен оқытыла бастаса, құба-құп, – деді ризалықпен елші мырза.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив