"Болашақ" бағдарламасы шет тілін білуге байланысты талаптарды жеңілдетті
«Болашақ» степендиясына қол жеткізу бұрынғыдай қиын емес. Шетел тілін білуге байланысты талаптар төмендейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш білім бағдарламасына өзгертулер нормативтік-құқықтық актіге сай енгізіледі. Енді өзге тілді ең төменгі деңгейде біле тұрып, «Болашақ» халықаралық степендиясымен академиялық білім алуға болады. Шетел тілін білу деңгейлері төмендегідей:
неміс тілі – Goethe-Zertifikat А1, DAAD 10-нан 5.0
француз тілі – TCF 100, DELF A1
кәріс тілі – TOPIK (level 1)
жапон тілі – Nouryekushiken 5 деңгей
Сонымен қатар степендия иегерлері Австрия, Германия, Швейцария, Франция, Корея және Жапония елдерінде бір жылдық неміс тілінің курсынан өтуге мүмкіндік алады.