KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 2 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Жармада астық ору жұмысы қызу жүріп жатыр

20.09.2018, 11:21 146

Жармалық дихандар ашық күннің әрбір сағатын тиімді пайдалануда. Яғни, жаз бойғы еңбектерін ысырапсыз жинап алып, игілігін көруге ниетті.


Бүгінгі таңда өңірдің негізгі егістік алқаптары орналасқан Қалбатау, Божығұр, Шалабай, Қаратөбе және Бірлікшіл ауылдық округтерінде дәнді-дақылдарды жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Үстіміздегі аптаның басында егістік алқабының 37 пайызы орылып, астықтар қоймалар мен қамбаларға құйылып жатыр. Мамандар, қызу қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде астық пен дәнді-дақылдар уақытында орылып, ысырапқа жол берілмейтіндігіне сенімді.


Бірлікшіл округінде арпа мен бидайдан бөлек, «Жасар» шаруа қожалығының механизаторлары рапсты жинауды қолға алып, ылғал сіңірген майлыдақылды кептіруге күш салып отыр. Ал, «Қаражал», «Алтын қазан» шаруа қожалықтары және өзге де шаруашылық құрылымдары минералды тыңайтқыштарды пайдаланудың арқасында мол өнімділікке қол жеткізіп, жаңашыл жұмыстарының нәтижелі жемісін көріп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив