KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,5 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Шығыс Қазақстанда әзірге егіннің 5,3 пайызы орылып бітті

19.08.2013, 18:00 194


Облыста 29 мың гектар ( барлық егіннің 5,3 пайызы) астық алқабы орылып бітті. Алтын дәннің түсімі гектарынан 16,4 центнерден айналып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асуат Насыров бидайдың биылғы
түсімі жылдағыдан мол екендігін, болжанып отырған меже қазіргіден де жоғары болатынын айтады.

Егін орағына алдымен кіріскен аудандардың бірі – Глубокое ауданы-ның шаруашылықтары гектарынан 34 центнерден өнім алып жатыр. Бұл ауданда астық ору қызу жүріп жатқанымен, Бесқарағай, Жарма, Тарбағатай, Катонқарағай, Күршім аудандары орақ науқанына әлі кіріспеген.

Мал азығы дақылдарының, картоптың түсімі де көңіл көншітерлік. Облыс бойынша екі млн. тоннадан астам шөп жинау жоспарланған болса, бүгінгі күні 85 пайызы орылып, маяланыпты. 24 мың гектарға егілген картоптың 800 гектары жиналған.

Синоптиктер тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басы жаңбырсыз, жылы болатынын айтуда. Ауа райы кедергі келтірмесе, егін орағы қазан айына дейін аяқталуға тиіс.

Жанаргүл Көкенайқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив