KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Елімізде әлемдік талапқа сай келетін әжетхана екеу-ақ

28.08.2018, 03:52 159

Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов республикалық маңызды жолдар бойындағы қызмет көрсету орындары әлемдік талаптарға мүлде сай келмейтіндігін атап өтті.


– Туристер, өзгесін былай қойып, жол бойындағы әжетханаға да барғысы келсе бара алмайды. Себебі талапқа сай емес. Жуықта еріктілерге тапсырма берілген еді, олар мұқым республика бойынша барлық талапты қанағаттандыратын екі-ақ әжетқананы анықтапты. Олар Астананың әуежайы мен вокзалында, – дейді вице-министр.


Ерлан Қожағапанов мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер тізе қосып, бұл істі реттеуі керектігін айтты. Айтысынша, әр 50 шақырым сайын бір әжетхана болғаны лазым.


– Бірақ, жоғарыда айтқанымыздай, олар талапқа сай болсын. Ыстық су кіргізілсін, – деді вице-министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив