Қазақстандықтар 42 500 теңгені қайтарып жатыр
Қазақстандықтар әлеуметтік төлем ретінде берілген 42 500 теңгені кері қайтарып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы 14 сәуір күні еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді.
- Қаражатты қайтарғысы келетін адамдар бар. Олар ақшаны кері салудың жолын сұрады. Осыған сәйкес реквизиттерді бекітемін, – деді вице-министр.
Реквизиттер:
Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ
Бенефициардың БСК: GCVPKZ2A
Бенефициардың ЖСК: KZ67009SS00368609110
Бенефициардың БСН: 160440007161
Бенефициардың КБЕ: 11
СТК: 049
Сондай-ақ вице-министр еліміз төтенше жағдай режимінде болғандықтан, қаражатты банктердің мобильдік қосымшалары арқылы қайтаруды сұрады. Кейбір банктер ақшаны жіберу үшін заңды шоттар ұсынатын көрінеді.