KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 2 м/с, В
443.35 475.54 4.82

«Союз-ФГ» тасымалдаушы ракетасынан жерге 22 тонна керосин төгілген

17.10.2018, 03:04 110

«Союз-ФГ» тасымалдаушы ракетасынан жерге 22 тонна керосин төгіліпті. Бұл туралы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин хабарлады.


– Сұйық отынның дені 47 шақырым биіктікте жанып кетті. Шамамен, керосин мен оттектің 22 тоннасы жерге төгілді. Бұл – сол жанып кеткен отынның қалған бөлігі. Керосин улы дүниелердің төртінші тобына енеді. Сондықтан да аса қауіп төндірмейді деп ойлаймыз, – деді вице-министр.


Оның сөзінше, мамандар сараптама жасаған екен.


– Тексеру қортындысы шыққан соң, экологияға келтірілген зиян анықталады. Келтірілген зиянның көлемі үшін Энергетика министрлігі жауап береді. Істің тиянақты атқарылуы жан жақты қадағалауға алынады, – деді вице-министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив