KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Қазақстан жолдарындағы қызмет бекеттері Google және Yandex карталарына енгізіледі

25.08.2018, 12:18 271

Біз бұған дейін қазақстан жүргізушілеріне арналған, жол бойындағы 1800 сервис бекеті жайлы мәлімет бере алатын «Kazway» қосымшасының жасалғанын  жазған едік. Енді республика көлеміндегі автомобиль жолдарындағы сервистік қызмет көрсету орындары Google және Yandex халықаралық электронды карталарына енгізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Жол бойындағы қызмет нысандарын халықаралық карталарға енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте, көпшілік кеңінен пайдаланатын Google және Yandex карталары, содан кейін мамандандырылған  әрі кәсіби халықаралық карталар қамтылмақ, – дейді «Қазавтожол» АҚ-ның бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Рустам Исаев.


Яғни, бұдан былай аталмыш карталардың көмегімен халықаралық тасымалдаушылар мен ел тұрғындары лайықты стандарттарға сай жол бойындағы сервистер қай жерде орналасқанын біле алады. Айталық қонақүйдегі бос орындар, көрсетілетін қызметтер және басқа да қажетті мәліметтерді білу мүмкіндігі бар.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив