KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Әскери қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуы тәртіптік теріс қылыққа жатқызылды

gurk.kz

19.09.2024, 10:30 95 Айжанат Бақытқызы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 16 қыркүйектегі ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларына өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сонымен, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тәртіптік жарғыларына қосымшада ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысу немесе ақшаға, заттарға және басқа да құндылықтарға бәс тігуге қатысу елеулі тәртіптік теріс қылықтардың түріне жатқызылған.

Жарлық 2024 жылғы 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді. 

2024 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салатын заң күшіне енді. Енді мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары да құмар ойындар мен бәс тігуге қатыса алмайды. Шектеулерді сақтамау оларды жұмыстан шығаруға әкеледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу