KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

ШҚО түлектерінің жартысынан астамы тегін оқиды

17.08.2018, 03:31 110

Елімізде тегін жоғары білім алу қолжетімді бола түсті. Биыл облыс түлектерінің 50 пайызының мемлекеттік грантқа ие болуы, оған қоса 446 талапкерге облыс бюджеті есебінен білім алуына жасалған жағдай осыған дәлел.


- Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру мақсатындабиыл қосымша 20 мың республикалық грант бөлінген, оның 11 мыңы техникалық жәнетехнологиялық мамандықтар бойынша гранттар. Осы мамандықтар бойынша мемлекеттікгранттың ұлғаюына байланысты техникалық мамандықтарға бөлінген облыстық гранттың125 орны бос қалды. Облыстағы байқау комиссиясы осы орындарды өтініш ең көпкеліп түскен әрі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға бөліп беру жөніндешешімге келді, – дейді Айгүл Байжанова.


Оның айтуынша, дефектология, шет тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, ветеринария және денсаулық сақтау мамандықтарына өтініш тапсырушылар саны көп болған.


Облыста өткенжылдан бері өңірдегі жоғары оқу орындарының бәсекелестігін арттыру мақсатында«Білікті маман» жобасы жүзеге асырылуда. Оның аясында облыс бюджеті есебінен түлектергеарнап 400 білім беру гранты бөлінген болатын. Сонымен қатар, биыл облыста алғашрет жергілікті бюджет есебінен білікті маман кадрларын даярлауға мемлекеттіктапсырыс жүзеге асырылды. Осы мақсатта талапкерлер арасында 67 орынға байқау жарияланған болатын. Алайда мемлекеттік тапсырыспен оқытылатын орынға облыс түлектерінен тек 46 өтініш келіп түскен.


Бір айта кетерлігі, байқау қорытындысы ҰБТ-дан жиналған балға негізделіп шығарылды. Облыс әкімінің грантына түлектерден 921 өтініш келіп түскен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив