KZ
Өскемен
+1°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Қазақстанда төмен сұранысқа ие мамандықтар аталды

8.08.2019, 04:53 198

Сарапшылар Қазақстанда төмен сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Еңбек ресурсын дамыту орталығы жария еткен тізімнің басында заңгерлер тұр. Былтырғы жарты жылдың көрсеткіші бойынша электронды еңбек биржасында заңгерлердің бос 1 221 жұмыс орны жарияланған. Ал жұмыс іздеушілердің саны 4 818 адам болған. Сондай-ақ, төмен сұранысқа ие мамандықтардың бестігінде әлеуметтік қызметкерлер (2 400-ден аса түйіндеме) , аспаздар (2 мың түйіндеме), техниктер-бағдарламашылар (1 500) мен іс жүргізушілер (1 500-ға жуық) бар.

Ал жоғары сұранысқа ие мамандықтарға экономистер, шаштараздар, қаржы қызметкерлері, тігіншілер мен техник-технологтар кіреді. Бұдан бөлек, сарапшылар сатушы, дене шынықтыру пәні мұғалімі, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, эколог, инженер-экономист мамандықтарға да сұраныстың төмен екенін айтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив