KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Аягөздің шалғайындағы ауылдың ерекше салты жұртты қызықтырады

13.08.2018, 03:30 260

Емелтау ауылы Аягөз ауданының ең шалғайына орналасқан. Аудан орталығынан 240 шақырым болатын елді мекеннің өзінің ерекше салты жұртты қызықтырады.


Мұнда жазылмаған бір заңдылық бар. Басына орамал тартып, жаңа өмірге қадам басқан жас келін ең алдымен «Келінтөбеге» келіп, ауылдың үлкен-кішісіне сәлем берулері керек. Сол жерде ауылдың қадірменді қариясы, болмаса жігіттің ата-анасы жаңа түскен келінге келіп, ақ батасын береді. «Келінтөбе» ауылға кіретін жолдың сол жақ қапталына орналасқан. Төбе етегіне ақ кірпіштен әдемілеп «Келінтөбе» деп жазып, басына махаббаттың белгісі- қос аққуды бейнелепті.



Күз айы басталғалы Емелтау ауылының «Келінтөбесіне» келушілер саны көп. Әр сенбі сайын өтетін үйлену тойының баспалдағы осы жерден бастау алады. Шағын ауыл тұрғындары жас келінді тәрбиелеудің алғашқы қадамын осы жерден бастайды десе болады. Туып-өскен ортасын артқа қалдырып, жан жолдасының қолынан ұстап, бөтен жер, бөгде елге келген жас келінге алғашқы ырым-салт та осы жерде көрсетіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив