KZ
Өскемен
+6°
дождь жел 1 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Семейлік 71 жасар спортшы көпсайыстан ШҚО чемпионы атанды

1.08.2018, 12:34 123

Роллерден Президенттік көпсайыстың облыстық чемпионаты осымен төртінші рет өткізілуде.

Сайысқа 11 жас категорияларына бөлінген балалар мен ересектер қатысты. 10 жастан кіші балалар мен 60 жастағы спортшыларға дейін қатысуға мүмкіндік берген жарысқа Семей, Өскемен, Зырян, Бородулиха, Күршім, Глубокий мен Шемонайха аудандарынан жиыны 100 спортшы қатысты.


ШҚО Дене шынықтыру мен спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратынша, сайыс үш кезеңге бөлінді. Алғашқы кезең пневматикалық қарудан оқ ату болса, кейіннен қатысушылар спорттық гимнастикада сынасқан. Чемпионаттың шешуші кезеңінде спортшылар роллермен жарысқа қатысты. Барлық сайыс жеке біріншілік бойынша өтті.


Үш кезең ұпайын қорытындылай келе үздіктер танылды. Сайыстың ең үлкен қатысушысы семейлік 71 жасар Владимир Спешилов “60+” жас категориясында біріншілікті жеңіп алды.

айта кететеіні, өз жас категорияларында біріншілік жеңімпазы атанған тағы 5 спортшы бар.

Сайыстың бас төрешісі Владимир Гуляшовтың сөзінше, жарыс республикалық сайысқа іріктеу мен жаттықтырушылардың жазғы маусымдағы жұмыстарының қорытындысы.


Сайыстың жеңімпаздары 10 тамыз күні Көкшетауда өтетін республикалық чемпионатта бақ сынасады.


 


Дереккөз: radio7.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив