KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, З
443.35 475.54 4.82

Өскеменде басталған ХХІ халықтық спорт ойындарының толық кестесі

23.05.2018, 10:21 229

Өскеменде облыс әкімінің жүлдесі үшін кезекті, ХХІ халықтық спорт ойындары басталды. Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, облыс тарихындағы ең ауқымды спорттық шара болатын бұл дода Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. Спартакиадаға қатысушылар спорттың 20 түрінен сынға түседі. Оның ішінде алғаш рет жарыс бағдарламасына енгізілген стрит воркаут сайысы да бар. Төменде оқырман назарына ойындардың толық кестесін ұсынудамыз.


24 мамыр, бейсенбі.

8:00-14:00 – Көкпар (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром);

8:00-16:30 – Президенттік көпсайыс. Нысана ату (Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Сәтпаев, 84/4);

9:00-18:00 – Үстел теннисі (Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Сәтпаев, 84/4);

9:00-18:00 – Футбол («Восток» стадионы);

9:00-18:00 – Шахмат, тоғызқұмалақ (Жекпе-жек сарайы);

9:00-18:00 – Дойбы (Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Сәтпаев, 84/4);

9:00-18:00 – Асық ату (Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Стаханов, 3а);

9:00-18:00 – Қазақ күресі (Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Ворошилов, 1/2);

9:00-18:00 – Гір спорты. 63 және 73 келі салмақ дәрежелері (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром);

9:00-18:00 – Армрестлинг (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром);

9:00-18:30 – Жеңіл атлетика (О.Рыпакова атындағы манеж);

10:00 – Волейбол (жартылай финалдар);

13:00 – Қыз қуу (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром);

14:00-18:00 – Аударыспақ (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром);

18:00 – Президенттік көпсайыс. Суда жүзу (Орталық бассейн, Сәтпаев, 82/3);

20:00 – Ойындардың салтанатты ашылу рәсімі (О.Рыпакова атындағы манеж).


25 мамыр, жұма.

8:00 – Көкпар (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром);

9:00 – Шахмат, тоғызқұмалақ (Жекпе-жек сарайы);

9:00 – Үстел теннисі (Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Сәтпаев, 84/4);

9:00 – Президенттік көпсайыс. Спринт (О.Рыпакова атындағы манеж);

9:00 – Асық ату (Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Стаханов, 3а);

9:00 – Қазақ күресі (Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Ворошилов, 1/2);

9:00 – Футбол («Восток» стадионы);

9:00 – Армрестлинг. Қыздар (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром);

9:00 – Гір спорты (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром);

10:00 – Волейбол (Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Ворошилов, 1/2);

14:00 – Аударыспақ (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром);

15:00 – Теңге алу (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром);

15:00 – Президенттік көпсайыс. Граната лақтыру («Олимпиец» спорт кешені, Серікбаев, 37/2).


26 мамыр, сенбі.

8:00-10:00 – Көкпар (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром);

9:00 – Воркаут (Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Стаханов, 3а);

9:00-13:00 – Футбол («Восток» стадионы);

9:00 – Қазақ күресі (Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Ворошилов, 1/2);

9:00 – Президенттік көпсайыс. Кросс (О.Рыпакова атындағы манеж);

9:00 – Шахмат, тоғызқұмалақ (Жекпе-жек сарайы);

9:00 – Дойбы (Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Сәтпаев, 84/4);

9:00 – Армрестлинг (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром);

9:00 – Гір спорты. Эстафета (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром);

10:00 – Волейбол (Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Ворошилов, 1/2);

10:00 – Үстел теннисі (Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Сәтпаев, 84/4);

15:40 – Бәйге. 3,2 шақырым (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром).


27 мамыр, жексенбі.

8:00 – Футбол («Восток» стадионы);

8:00-10:00 – Көкпар (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром);

9:00 – Волейбол (Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Ворошилов, 1/2);

9:00-12:00 – Қазақ күресі (Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Ворошилов, 1/2);

10:00-10:30 – Бәйге. 15 шақырым (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром);

10:40-11:00 – Жорға жарыс. Жеті шақырым (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром);

11:20 – Аламан бәйге. 25 шақырым (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром);

16:00 – Ойындардың жабылу салтанаты, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі (Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы ипподром).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив