KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Алакөлге пойыз билеттері сатыла бастады

15.06.2018, 10:55 153

Бүгіннен бастап Өскемен-Жалаңашкөл және Семей-Жалаңашкөл бағыттары бойынша пойыз билеттері сатыла бастады. Бұл рейстер демалушылардың Алакөлге жайлы жетуіне мүмкіндік береді.


Бұған дейін де 15 маусымнан бастап пойыз жолы ашылады деп хабарлаған едік. Алайда билетті ала салып, бірден жағажайға жетеміз деуге әлі сәл ертерек. Бүгін тек билеттер ғана сатылымға шықты, ал рейстердің өзі 20 маусымнан кейін ғана басталмақ. Нақтырақ айтқанда, аталған бағытқа Өскеменнен маусымның 21-нен, Семейден - 23-нен жолға шыға аламыз.


Өскеменнен Жалаңашкөлге дейінгі жолдың уақыты 15 сағат және 51 минут. Плацкарт вагондағы орынның бағасы – 2613 теңге. Билеттерді сайттан онлайн сатып алу қызметі әзірше іске қосылған жоқ. Бірақ кез келген теміржол кассасынан сатып алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив