Өскеменнен Алакөлге ертеңнен бастап пойыз жүре бастайды
Ертеңнен бастап, яғни 21 маусымнан Өскеменнен Достық станциясына дейін, ал 23 маусымнан бастап Семейден жүретін теміржол бағыты іске қосылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бес вагоннан тұратын пойыз составы төрт күнде бір жүреді деп жоспарланған. Өскеменнен 16:30 да шығып, Достық станциясына дейін 16 сағатта жетеді екен.
-Семейдегі №161 пойыз да дәл осы уақытта шығады. Екеуі Шар станциясында қосылып, бір составқа біріктірілген соң Ақтоғайға дейін барады. Ары қарай олар №641 пойызға тіркеліп Жалаңашкөлдегі Достық станциясына жетеді,-дейді Өскемен-1 станциясындағы вокзал басшысы Елена Ларионова.
Билеттерді алдын-ала сату 15 маусымнан басталып кеткен болатын. Плацкарт – 2864 теңге.