KZ
Өскемен
+1°
интенсивная ледяная крупа жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Өскеменде тұрақты донорларға құрмет көрсетілді

14.06.2018, 10:26 133

14 маусымда әлем елдері Дүниежүзілік қан доноры күнін атап өтеді. Осыған орай Шығыс Қазақстан облысының қан орталығында акция ұйымдастырылды.


Тұрғындарды қан мен оның компоненттеріне қажеттілік туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында өткен мереке барысында  басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қанын өз еркімен және өтеусіз сыйлайтын донорларға құрмет көрсетілді.


Өскемендік донор Юлия Китаева «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бұл Үкіметтік наградаға кемінде 40 рет қан және кемінде 70 рет қан плазмасын тапсырған донорлар лайық деп саналады. Юлия Петровна 19 жыл бойы үздіксіз өтеусіз қанын өткізіп келе жатқан құрметті донорлардың бірі. Ол осы уақытқа дейін 61 рет қанын өткізіп, барлығы 38 литр қан тапсырған. Тұрақты өтеусіз донор ретінде қанға зәру болған науқасқа кез келген уақытта көмекке келуге әзір тұрады. Сондай-ақ өтеусіз донорлықтың дамуына үлес қосып жүрген Валерий Грузных (34 литр), Валерий Воропанов (28 литр), Арккадий Голев (28 литр), Андрей Понарин (25 литр) сияқты азаматтар да облыстық қан орталығының Алғыс хатымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив