KZ
Өскемен
-12°
туман Штиль
498.34 519.72 4.85

Алдағы екі күн бойы ШҚО-да қалың қар жауады

pixabay.com

10.11.2024, 10:00 84 Назерке Каримова

Синоптиктер 10-11 қараша күндері облыста қалың қар жауатынын ескертеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 10 қарашада күндіз, 11 қарашада тәулік бойы облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ болады.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, 10 қарашада түнде облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан да екпінді, 11 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с жел күтіледі.

Өскемен қаласында жаяу бұрқасын соғып, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 17-22 м/с.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу