KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Келесі жылдан бастап медициналық анықтама тек электрондық түрде беріледі

pixabay.com

9.11.2024, 22:00 104 Назерке Каримова

Қаңтар айынан бастап медициналық анықтамалардың 8 түрі тек электрондық түрде берілетін болады.

Оның ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Азаматтарға ыңғайлы болу үшін өздерімен бірге қағаз анықтамаларды алып жүру қажеттілігі болмайды, олардың келісімімен электрондық анықтамалар талап бойынша белгілі бір мекемелерге берілетін болады, - деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. - Осы қызметтерді электрондық форматқа көшіру үшін қазіргі уақытта "Амбулаториялық-емханалық көмек" АЖ арқылы ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Келесі медициналық анықтамалар электрондық форматқа көшіріледі:

         Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы

         075 / е "Медициналық анықтама"

         026 / е "ДКК қорытындысы"

         073 / е "ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама"

         069 / е "Санаторийлік-курорттық карта"

         052-2 / е "Баланың денсаулық паспорты"

         076 / е "Қаруға рұқсат алу"

         038 / е "Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу